Эбола құрбандарының саны 377-ге жетті

Конго Демократиялық Республикасында эболадан көз жұмғандар саны 377 адамға жетті. Ал жұқтырғандар қатары 1300-ден асқан. Бұл туралы осы елдің Ақпарат министрлігі хабарлады. 

Індеттің негізгі ошақтары Итури, Солтүстік және Оңтүстік Киву провинцияларында тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, 17 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы медицина саласында төтенше жағдай жариялады. Бұл Эболаға қатысты аймақта өршіген 17-жағдай. Таралып жатқан – Бундибугио штаммы. Қазір оған қарсы мақұлданған вакцина немесе емдеу әдістері жоқ.