Францияда орман өртінен 10 мың адам эвакуацияланды

Францияның оңтүстігінде орман өртіне байланысты 10 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Өрт аптап ыстық пен желден тез таралып жатыр. Қазір жалын 4600 гектардан астам жерді күлге айналдырған. Тілсіз жаумен күреске 700-ге жуық маман, 200 техника мен тоғыз ұшақ жұмылдырылды. Ал синоптиктер тағы жеті өңірде өрт қаупі жоғары екенін ескертті.