Иран АҚШ-қа шарт қойды
Иран АҚШ-қа шарт қойды. Тегеран келіссөздерді жалғастыру үшін Ормуз бұғазын бақылауда ұстау құқығын мойындауды талап етіп отыр.
Қақтығыстарға дейін әлемдегі мұнай мен сұйытылған табиғи газ жеткізілімдерінің 20 пайызға жуығы осы бұғаз арқылы тасымалданған. Енді Иран теңіз дәлізін жауып, танкерлердің қозғалысын толықтай бұғаттаудан тайынбайтынын ескертті. Бұған дейін Тегеран әр кеменің өтуі үшін 2 миллион АҚШ долларына дейін төлем алып отырған.