АҚШ Иран аумағына тағы әуеден соққы жасады

Құрама Штаттардың Орталық қолбасшылығының хабарлауынша, бұл – Ормуз бұғазында сауда кемелеріне жасалған шабуылға қарымта жауап. 

Ал Иранның мемлекеттік телеарнасы Бушер мен Ассалуйе қалаларында жарылыстар болғанын хабарлады. Бұған дейін Тегеран Ормуз бұғазы АҚШ-тың аймақтағы әрекеті тоқтағанға дейін жабық болатынын мәлімдеген еді. Сондай-ақ Иран әскери күштері бұғаз арқылы өткен кемеге ескерту ретінде оқ атқан. АҚШ тарапының мәліметіне сүйенсек, шабуылға ұшыраған кемеде өрт шығып, бір экипаж мүшесі із-түзсіз жоғалып кеткен.