Францияда 20 орман өртке оранды
Франциядағы орман алқаптары өртеніп жатыр. Елдің Ішкі істер министрлігі отты қасақана тұтатты деген күдікпен 32 адам ұсталғанын хабарлады.
Қазір қызыл жалынды толық ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Ауа температурасы 39 градусқа дейін көтеріліп, елдің 24 өңірінде қауіптің ең жоғары - «қызыл» деңгейі жарияланды.