Польша АҚШ-тың әскери базасын орналастыруды ұсынды
Польша АҚШ-тың әскери базасын өз аумағында орналастыруға дайын екенін мәлімдеді.
Бұл туралы елдің ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары хабарлады. Оның айтуынша, база Польшаның батыс өңірлерінде салынуы мүмкін. Билік мұндай қадам НАТО күштерін қажет кезде жедел жұмылдыруға мүмкіндік береді деп есептейді. Дегенмен түпкілікті шешімді Вашингтон қабылдайды. Қазірдің өзінде Польшада 10 мыңнан астам америкалық әскери қызметкер бар.