БАӘ Иранның шабуылын айыптады

Біріккен Араб Әмірліктері Иранды Ормуз бұғазындағы екі мұнай танкеріне шабуыл жасады деп айыптады. 

Елдің Сыртқы істер министрлігі бұл әрекетті халықаралық құқықты өрескел бұзу деп бағалап отыр. Шабуыл салдарынан Үндістанның бір азаматы қаза тауып, тағы сегіз теңізші жарақат алған. Енді Үндістан Сыртқы істер министрлігі де Иран саясаткерлеріне наразылық нотасын жолдады. Айта кетейік, кейінгі күндері АҚШ-Иран арасы ушығып, тараптар бірін-бірі бірнеше рет атқылап үлгерді.