Иран мен АҚШ-тың қақтығысынан 30 адам көз жұмды

Иранда АҚШ-пен қақтығыс кезінде 30 тұрғын қаза тауып, тағы 260 адам жараланды.

Бұл туралы Ислам Республикасының үкіметі хабарлады. "Тасним" ақпарат агенттігі сонымен қатар 7 сарбаздың ажал құшқанын айтады. АҚШ Қарулы күштерінің орталық қолбасшылығының мәліметінше, Иран кейінгі аптада 7 сауда кемесіне шабуыл жасады. Онға жуық экипаж мүшесі көз жұмған немесе жарақат алған. Із-түзсіз жоғалып кеткендері де бар. Өткен аптадан бастап АҚШ пен Иран бірін бірі қайтадан атқылай бастады. Құрама Штаттардың соққыларына қарымта ретінде Тегеран Американың Кувейт, Бахрейн мен Иорданиядағы әскери базаларын бомбалады.