Перуде екі рет жер сілкініп, алты адам қаза тапты
Перуде 2 рет жер сілкініп, 6 адам қаза тапты.
Тағы 21-і жараланған. Бұл туралы "Рейтер" агенттігі хабарлады. Чупака провинциясында болған зілзаланың алғашқысы 5,1, ал екіншісі 3,7 балдық қуатпен 24 және 18 шақырым тереңдікте тіркелген. Әзірге 48 ғимараттың толық қирағаны, тағы 18-іне зақым келгені белгілі. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қирандыларды аршып, іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Перу әлемдегі сейсмикалық белсенділіктің шамамен 85 пайызын қамтитын белдеу бойында орналасқан.