Нидерландта отшашуға тыйым салынды

Нидерландта Жаңа жылға арналған тұрмыстық отшашуға тыйым салынды.

Жаңа заң 1 тамыздан бастап күшіне енеді. Оған сай тұрғындардың Жаңа жыл түні пиротехниканы пайдалануына болмайды. Ал жергілікті ұйымдар мерекелік отшашуды тек муниципалитеттің арнайы рұқсатымен ұйымдастыра алады. Бұл бастаманы елдің құтқару қызметі мен медицина мамандары бірнеше жылдан бері қолдап келген. Олардың айтуынша, мұндай шешім отшашудан болатын жазатайым оқиғалар мен материалдық шығынды азайтуға көмектеседі.