No Comment: Францияда орман өрті өршіп тұр

Франциядағы орман өрті Бордо қаласына жақындап қалды.

Тілсіз жаумен үш мыңға жуық құтқарушы және авиация күресіп жатыр. Әйтсе де, өрт әлі толық бақылауға алынған жоқ. Жергілікті биліктің мәліметінше, биыл елде 98 мың гектар орман алқабы өртеніп кетті.