Қытайдың оңтүстігінде жойқын дауыл соқты
Азиядағы ең жойқын тайфундардың бірі «Хунся» Қытайдың оңтүстігіне жетті. Салдарынан Гуандун провинциясы мен Гонконгта нөсер жауын жауып, қатты жел тұрды.
Кей жерлерде желдің жылдамдығы сағатына 162 шақырымға дейін жетті. Қауіпті аймақтардан 715 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Мектептер мен мемлекеттік мекемелер жабылып, пойыз қозғалысы тоқтады. Ал Гонконгта 300-ден астам әуе рейсі кейінге шегерілді. Ресми деректерге сәйкес, 9 адам жарақат алды. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Синоптиктер жауын-шашын сейсенбіге дейін жалғасады деп болжап отыр.