Al Arabiya: ХАМАС қаруын тастауға дайын
Аl Arabiya телеарнасының мәліметіне сүйенсек, қарулы топ бұл шешімін делдалдар арқылы жолдаған.
Мәлімдеме Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуі аясында айтылды. ХАМАС-тың толық қарусыздануы жөніндегі талап «Бейбітшілік кеңесі» әзірлеген шартта көрсетілген болатын. Сондай-ақ жақын арада анклавты басқарудың жаңа жүйесі енгізілмек. Оны Трамптың бастамасымен құрылған «Бейбітшілік кеңесі» бақылайды.