Трамп теңізде баланы құтқарған жасөспірімді Ақ үйге шақырды

АҚШ Президенті Дональд Трамп Калифорния жағалауындағы теңіз толқынынан баланы аман алып қалған 16 жастағы Райдер есімді жасөспірімді Ақ үйге қонаққа шақыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Сейсенбі күні әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған жазбасында Трамп батыр жасөспірім мен оның отбасын президент резиденциясына арнайы шақырылатынын жеткізді.

Онда ержүрек жасөспірімге елдің жоғары азаматтық марапаттарының бірі табысталмақ.

Біз бұл қаһарман жас жігітті және оның отбасын Ақ үйге шақырамыз - мүмкін өзі құтқарған баламен бірге - оған жоғары азаматтық марапатты табыстау үшін. Өте батыл әрекет, ол бұған әбден лайық!, - деп жазды АҚШ Президенті.