Жапонияда зілзала құрбандары 35 адамға жетті
Жапонияның Кюсю аралын-дағы жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар саны 35 адамға жетті. Тағы 120 тұрғын жарақат алған.
Қазір Кумамото префектурасында үйінділерді аршу жұмысы жалғасып жатыр. Алайда аптап ыстық іздестіру-құтқару жұмыстарын қиындатып тұр. Өңірде күннің ыстығы 39 градусқа дейін жеткен. 5 мың үй әлі жарықсыз отыр. 80 мыңға жуық тұрғын ауызсусыз қалған.