Газа секторына әуе соққылары күшейді

Израильдің Газа секторына жасаған әуе шабуылдары салдарынан 17 адам қаза тапты. Құрбандар арасында балалар бар. Израиль әскері соққылардың ХАМАС нысандарына бағытталғанын мәлімдеді.

Кейінгі күндері Газа тұрғындарына эвакуация туралы ескертулер көбейіп, әуе шабуылдары күшейген. Осының алдында ХАМАС ұйымы Дональд Трамптың Бейбітшілік жоспары аясында қаруын тапсыруға келіскен еді. Бірақ, бітімге қарамастан, Израиль соққыларды жалғастырып жатыр.