Еуропада ыстық салдарынан 25 мың адам көз жұмды

Еуропада аптап ыстық салдарынан кейінгі 3 айда 25 мың адам көз жұмды. Бұл туралы Блумберг хабарлады. Ең көп өлім Германияда тіркелген. Басым бөлігі – жасы 75-тен асқан қарттар.

Сонымен қатар Испания, Франция, Ұлыбритания, Швейцария мен Нидерландта да қайтыс болғандар саны көбірек. Сарапшылар өлім-жітім көрсеткіші анағұрлым жоғары болуы мүмкін екенін айтады. Өйткені тиісті мекемелер ресми деректерді кеш жариялайды. Айта кетейік, Еуропада маусым айынан бері күн күйіп тұр. Кейбір елдерде сынап бағаны 40 градустан асқан.