Қытайда қауіптің "қызыл" деңгейі жарияланды

Қытай үкіметі қауіп-қатердің ең жоғары "қызыл" деңгейін жариялады. "Ассошиэйтед Пресс" агенттігінің хабарлауынша, елге ертең жойқын "Дельфин" тайфуны жетеді.

Қазірдің өзінде қатты жел тұрып, халықтың үрейін ұшырып отыр. Барлық кеме қатынасы доғарылды. Желдің екпіні сағатына 160 шақырымнан асады деген болжам бар. Билік қауіпті аймақтардан 400 мыңнан астам тұрғынды шұғыл көшірді. Сонымен қатар Шанхайдың 2 әуежайы 1300-ден астам рейсін тоқтатқан. Айта кетейік, Қытайда "Дельфин" тайфуны биыл осымен төртінші рет соққалы тұр.