Әлемде азық-түлік қымбаттады
Әлемде азық-түлік қымбаттады. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы өз есебінде жариялаған.
Аталған индекс шілде айында орта есеппен 131,1 тармақты құрады. Бұл маусыммен салыстырғанда 0,6, ал бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1 пайызға жоғары. Дәнді дақылдар бағасының индексі ай сайын 3,4 пайызға өскен. Бидай 5,8, жүгері 3,6, қант 5,6 пайызға қымбаттаған. Бұған Қара теңіз арқылы экспорттың тоқтауы мен негізгі өндіруші аймақтардағы аптап ыстық әсер еткен.