Ұлы ақынға Францияда да құрмет көрсетілді
Қазақстандық дипломаттар, студенттер мен қазақ диаспорасының өкілдері ойшылдың Париждегі бюстіне гүл шоқтарын қойып, өлеңдері мен Қара сөздерінен үзінділер оқыды. Абай әндерін қазақ және француз тілдерінде шырқады.
Жиынға қатысушылар ақынның тағылымы кейінгі ұрпаққа жалғасып, шетел жұртшылығын қазақ мәдениетімен жақынырақ таныстырып келе жатқанын атап өтті.
Еске сала кетейік, хакімнің Париждегі мүсіні осыдан бес жыл бұрын «Ақындар саябағына» орнатылды. Мұнда француз әдебиетінің көрнекті өкілдерінің де ескерткіштері бар. Ал шетелдік ақындардан тек Абай мен Александр Пушкиннің мүсіндері тұр.