Медузалар жаулап алды: Францияда АЭС жұмысы тоқтады

Фото: depositphotos.com

Францияның Ла-Манш жағалауындағы Гравлин атом электр станциясында медузалардың көптеп келуіне байланысты үш реактордың жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды «24KZ» BILD-ке сілтеме жасап. 

Тағы бір реактор шектеулі режимде жұмыс істеп тұр. АЭС операторы EDF компаниясының мәліметінше, медузалар станцияға қажетті судың қалыпты берілуіне кедергі келтірген.

Медузалармен байланысты жағдайлар бұған дейін де тіркелген болатын. Былтыр олар су айдау жүйелерінің сүзгілеріне жаппай түсіп, нәтижесінде реакторларды бірнеше күнге электр желісінен ажыратуға тура келген. EDF компаниясы бұл жолы медузалардың нақты қандай ақауға себеп болғаны туралы ашып айтпады. Компанияның мәлімдеуінше, оқиға станцияның қауіпсіздігіне, қызметкерлерге немесе қоршаған ортаға қауіп төндірмеген.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз