40 мемлекет бірлескен мәлімдеме жариялады

40 ел құрлықаралық баллистикалық зымырандарды атар кезде алдын ала ескертуді талап етіп отыр.

Арасында АҚШ, Германия, Испания мен Норвегия бар. Мемлекеттер бірлескен мәлімдемені Құрама Штаттардың Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілдігінің сайтында жариялады. Онда зымыранның классы, ұшыратын орны мен траекториясы көрсетілуі керек делінген. 

Сонымен қатар ұшқыштар мен теңізшілерге де зымыранның қалдығы түсетін аумақ туралы алдын ала хабар берілуге тиіс. Бастама авторлары: «Мұндай шаралар қауіп-қатерді азайтып, сенімді нығайтады», - дейді.