Ford кейбір көлігінің өндірісін Қытайдан көшіреді
Ford компаниясы Lincoln көліктері өндірісін Қытайдан АҚШ-қа көшіреді.
Себеп 52,5% пайыз көлеміндегі баж салығы. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл шешімнің тәуекелі жоғары болғанымен, америкалық автокөлік саласын нығайту үшін қажет. Сондай-ақ, америкалық көліктерде Қытайдың кейбір технологиялары мен жабдықтарын пайдалануға тыйым салынған. Әрі өзге елдерге экспорттау үшін де үкіметтің арнайы рұқсаты керек. Былтыр Ford АҚШ-та осы Lincoln темір тұлпарларының 34 мың данасын сатты.