Ормузда 2 сауда кемесіне шабуыл жасалды
Ормуз бұғазында екі сауда кемесіне шабуыл жасалды. Танкерлер Абу-Дабидің ұлттық мұнай компаниясына тиесілі болып шыққан. Бұл туралы Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Жағдай қазір бақылауға алынған. Әмірліктердің Сыртқы істер министрлігі шабуылды айыптап, бұған Иран жауапты деп мәлімдеді. Компания өкілдері аймақта кеме қатынасы мен теңізшілердің қауіпсіздігін тез арада қамтамасыз ету қажет екенін айтқан.