Хуситтер теңіз портын зымыранмен атқылады

Хуситтер Қызыл теңіздегі Моха портына тағы шабуыл жасады. 4 адам қаза болды.

Қарулы топ Йеменге тиесілі портқа 6 баллистикалық зымыран ұшырған. Соның салдарынан бірқатар нысан қирады. Хуситтер Сауд Арабиясының қару-жарақ сақтайтын қоймасын нысанаға алғанын айтып, бірнеше күннен бері үздіксіз шабуылдап келеді. Эр-Рияд бірқатар мемлекетпен бірлесіп, Қызыл теңізді қорғау туралы құжат әзірледі.