Ирандағы аралдың жағалауына мұнай төгілді

Ирандағы Кешм аралының жағалауына мұнай төгілді.

Ислам Республикасының Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттік мәліметіне сүйенсек, 3,2 гектар аумақ бүлініп, сирек кездесетін теңіз жануарларына қауіп төндіріп тұр дейді мамандар. Иранның сыртқы істер министрлігі экологиялық мәселелерді Ормуз бұғазындағы текетеріспен байланыстырып, АҚШ пен Израильдің шабуылдарын айыптайды.Тегеран бұл залал үшін қосымша төлемақы талап етуді көздеп отыр.