Колумбияда зілзала құрбандарының саны 287-ге жетті

Колумбияда зілзала кесірінен опат болғандар есебі күн санап өсіп жатыр. Бүгін марқұмдар саны 287-ге жетті. 

Тағы 4 мыңға жуық тұрғын жараланған. Біріккен Ұлттар Ұйымы төтенше жағдайларға арналған қордан 5 млн доллар бөлді. Еуропалық Одақ Copernicus жерсеріктік бақылау жүйесінің қызметін ұсынып отыр. Ал АҚШ, Франция, Мексика және Чили гуманитарлық көмек жіберіп, құтқарушыларын аттандырды. Жалпы апат аймағына 700 тонна азық-түлік, дәрі-дәрмек және тұрмыстық заттар жеткізілген.