Боливияда жанармай дағдарысы күшейді
Ел билігі ірі өнеркәсіптер
тұтынатын дизель бағасын 84 пайызға көтерді.
Сөйтіп, бір литр отын құны 9,8-ден 18 боливианоға дейін өсті. Бұл шешім жанармай бекеттеріндегі ұзын-сонар кезекке байланысты қабылданды. Бірақ шаруашылықтар мен шағын бизнес үшін субсидияланған баға сақталады. Айта кетейік, Боливия дизельдің шамамен 95 пайызын сырттан сатып алады.