АҚШ пен Канада сауда келіссөздері нәтижесіз өтті
Ертең АҚШ-тың Канада тауарларына салатын қосымша 50 пайыздық баж салығы өз күшіне енеді.
Алайда тараптар әлі де мәмілеге келе алмай отыр. Негізгі түйткіл - автокөлік нарығына байланысты. Рейтердің дерегінше, Вашингтон Канададан жеткізілетін көліктерге салынатын тарифті 25 пайыздан 15 пайызға дейін төмендетуге дайын. Бірақ жеңілдік тек АҚШ-та жасалған бөлшектерге берілсін деген талап қойып отыр. Ал Оттава өз аумағынан бөлек Мексикада жасалған бөліктерді де есепке алуды сұрайды. Демалыс күндері екі елдің делегациялары Вашингтонда кездесіп, мәселені тағы талқылаған еді. Бірақ ортақ шешімге келе алмады.