Қытайлық робот жүгіру жылдамдығы бойынша әлемдік рекорд жаңартты
Қытайлық компанияның гуманоид-роботы Усэйн Болттың жылдамдық рекордын жаңартты, деп хабарлайды 24KZ.
Қытайдың Unitree Robotics компаниясы әзірлеген Superman атты гуманоид-робот секундына 12,66 метр жылдамдықпен жүгірген. Бұл көрсеткіш атақты ямайкалық спринтер Усэйн Болттың 2009 жылы 100 метрге жүгірудегі әлемдік рекордтық жарысы кезінде тіркелген ең жоғары жылдамдығынан асып түсті. Болттың сол кездегі максималды жылдамдығы секундына шамамен 10,44 метр болған.
Компания бұл жетістік туралы X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
Сынақ барысында робот орнынан тұрып, екі метр биіктікке секірген. Әзірлеушілердің айтуынша, Superman роботы небәрі үш айда жасалған.
Компания мамандары роботтың қозғалыс мүмкіндіктері алдағы уақытта одан әрі жетілдіріледі деп отыр.