Колумбияда зілзаладан опат болғандар саны артты
Колумбиядағы жер сілкінісінен опат болғандар саны өсіп барады. Қазіргі дерек бойынша - 314. Тағы 4437 адам жарақат алған, 262-сі іздестіріліп жатыр.
Бұл туралы ел президенті Абел-Ардо де ла Эспри-Элья мәлімдеді. Табиғат апаты салдарынан 30 мыңнан астам үй, 302 ғимарат құлаған. Аймақта құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Президент апат салдарын жою үшін экономикалық төтенше жағдай енгізілетінін мәлімдеді.