Колумбияда кен орнындағы апаттан 13 адам қаза тапты
Колумбияның оңтүстік-батысындағы ашық кен орнында беткей опырылып, 13 жұмысшы жан тапсырды.
Алдын ала мәлімет бойынша, нөсерден кейін топырақ босап, жер көшкіні жүрген. Іздеу жұмыстарына өрт сөндірушілер, еріктілер мен ауыр техника жұмылдырылды. Қазір билік апаттың нақты себебін анықтап жатыр. Ресми ақпаратқа сүйенсек, биыл елде 90-ға жуық ұқсас оқиға тіркеліп, 100-ден астам кенші ажал құшқан.