Дубай әуежайында жолаушылар сиреді
Дубай халықаралық әуежайымен сапар шегушілер қарасы күрт азайды. Биыл екінші тоқсанда айлақ 13 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен.
Бұл өткен жылдың осы уақыт аралығымен салыстырғанда 31 пайызға аз. Ол кезде 30 миллионнан астам адам ұшқан. Рейстер де 150 мыңнан 62 мың рейске қысқарды. Ал жүк айналымы 28,7 пайызға төмендеді. Бұған Иран мен АҚШ арасындағы қақтығыс себеп. Әскери қимылдардан әуе қатынасының жұмысы тоқтап қалды. Ұшақтар ақпан айынан бері бірқатар бағытқа ұшқан жоқ. Дегенмен әуе компаниялары жағдайдың тұрақталатынына сенімді. Халықаралық әуежай жылына 100 миллион жолаушы қабылдауға ниетті.