No comment: робот адамнан озып кетті
Қытайлық «Тянь Цзяо» роботы 100 метрді 8,64 секундта жүгіріп өтіп, жаңа рекорд орнатты. Бұл көрсеткіш адамдар арасындағы әлемдік рекордтан да жоғары.
Сайыс Бейжіңде роботтар арасындағы Дүниежүзілік ойындарда өтті. 2009 жылы Берлинде Усэйн Болт 100 метрді 9,58 секундта бағындырған. Ал құлтемір бұл нәтижеден 0,94 секундқа озды.