Иран МАГАТЭ бақылауын уақытша шектеді
Иран қақтығыс кезінде зақымданған ядролық нысандарына халықаралық мамандарды әзірге кіргізе алмайды.
Бұл туралы елдің Атом энергиясы ұйымының басшысы Мохаммад Эслами мәлімдеді. Оның айтуынша, шабуыл жасалған аумақтарда қауіп әлі толық сейілмеген. Сондықтан МАГАТЭ тексеруін бастамас бұрын жұмыстың арнайы тәртібі әзірленуге тиіс. Айта кетейік, Тегеранның бірқатар ядролық кешені АҚШ пен Израильдің әуе соққыларынан зиян шеккен еді. Агенттік былтырдан бері 60 пайызға дейін байытылған 440 келі уранның нақты қайда екенін растай алмай келеді. Сарапшылар халықаралық бақылау болмаса елдің қазіргі ядролық әлеуетін нақты бағалау қиын деп отыр.