Венадағы музейден құны $4,3 млн тұратын алқа ұрланды

Венада мұражайдан құны 4 миллион 300 мың доллар тұратын алқа ұрланды.

Алдын ала тергеу мәліметі бойынша, екі ер адам ғимаратқа қарапайым келуші кейпінде кіріп, шыны сөрені сындырып, бағалы бұйымды алып кеткен. Алқа 300-ден астам сирек зергерлік бұйым қойылған көрменің басты жәдігерлерінің бірі еді. Мысыр патшайымы Назли Сабриге тиесілі болған әшекейге жалпы салмағы 200 караттан асатын 673 гауһар тас орнатылған. Қазір мұражайдың бір бөлігі уақытша жабылып, күдіктілер іздестіріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: