Италияда дауылдан 43 адам жараланды
Италияның солтүстігінде дүлей дауыл соғып, бұршақ жауды. Табиғи апаттан Кремона қаласы ең қатты зардап шеккен.
«Рейтердің» хабарлауынша, 43 адам әр түрлі дене жарақатын алды. Күшті жел ағаштарды опырып, мыңдаған көлік қираған. Қаланың ең көрнекті орны – қалалық шіркеуге де зақым келді. Жалпы Ломбардия аумағы бойынша төтенше жағдай қызметіне зардап туралы хабарлап, көмек сұраған 500-ден астам қоңырау түскен. Мамандар мен тұрғындар жаппай тазалық жұмыстарына кірісті.