Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 903 адамға жетті

RSS/kathmandupost.com

Непалдағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 903 адамға жетті. Сонымен қатар, 4 247 адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында, деп хабарлайды «24KZ».

Ең көп зардап шеккен Расува және Нувакот аудандарындағы 11 гидроэнергетикалық нысанда 933 жұмысшы болуы мүмкін, олардың бір бөлігі үйінді астындағы туннельдерде қалуы ықтимал. Құтқарушылар екі туннельге кіріп, үш адамның денесін тапты. Үйінділерді тазартуға қауіпсіздік күштерінің 21 мыңға жуық қызметкері, сондай-ақ мамандар мен еріктілер жұмылдырылып, экскаваторлар, прожекторлар және бақыланатын жарылыстар қолданылуда. Алайда лай, тас және үйінділердің көптігі жұмысты қиындатып отыр.

Табиғи апат Қытайдың шекаралас аймақтарына да әсер етіп, Джиронг уезінде 16 адам қаза тапты және 546 адам хабар-ошарсыз кетті. Қытай 2 100-ден астам құтқарушы жіберіп, салдарын жоюға кемінде 220 миллион юань бөлді. 

Непал аумағында мұздықтың сырғыған жерінде аумағы шамамен 174 мың шаршы метр болатын шұңқыр пайда болды. Оның ішінде 2,5 миллион текше метрге дейін су жиналуы мүмкін. Билік бұл судың тасып кетуі мен жаңа көшкіндердің жүру қаупі әлі де сақталғанына алаңдаулы.

Сондай-ақ оқыңыз: