Трамп «Жаңа Америка» деген атау ұсынды
АҚШ Президенті Дональд Трамп Нью-Мексико штатының атауын «Жаңа Америка» деп өзгертуді ұсынды. Ол жаңа атау әлдеқайда беделді әрі тартымды естілетінін айтады.
Алайда штат губернаторы Мишель Лухан-Гришэм бұл ұсынысты қолдаған жоқ. Ақ үй Нью-Мексико атауындағы «Mexico» сөзінің орнына «America» жазылған суретті де жариялады.
Айта кетейік, бұл Дональд Трамптың мұндай бастаманы алғаш рет көтеруі емес. Бұған дейін ол Онтарио көлін америкалықтар үшін «Америка көлі» деп өзгерткен еді.