Жасанды интеллект ең күрделі есепті шығарды
Жасанды интеллект 90 жыл бойы шешілмей келген математикалық есепті 88 сағатта шешті. Бұл туралы OpenAI компаниясы мәлімдеді. Оны шығару үшін 10 мың ақылды зерде қолданылған.
Сұйықтықтардың қозғалысын сипаттайтын «Навье-Стокс» теңдеуі – адамзат тарихындағы ең күрделі есептердің бірі. Оны шешу үшін 3 миллион хабарлама жолданып, 130 миллиард токен пайдаланылған.
Сондай-ақ 165 беттен тұратын математикалық дәлелдер келтірілген. Алайда жасанды зияттың жауабына ғалымдар күмәнмен қарап отыр. Олар нейрожеліні өздерінің ғылыми еңбектерін иемденді деп айыптады. OpenAI бұл жаңалықты жетістік деп санағанымен, АҚШ-тағы Клэй математика институты есептің шешімін әзірге ресми қабылдаған жоқ.