Ұлыбританияда жүздеген әуе рейсі кешікті
Ұлыбританияның ірі әуежайларында техникалық ақауға байланысты жүздеген әуе рейсі кешіктірілді. Кейбір сапарлар тоқтатылды. Ақау ұшақтардың қозғалысын басқаратын жүйеден шыққан. Соның салдарынан Лондон, Манчестер және Эдинбург әуежайларында ұшу кестесі өзгерді. Қазір жүйе біртіндеп қалпына келіп жатыр.
CNN басылымының мәліметіне қарағанда, Ұлыбритания әуежайларында мұндай жағдай кейінгі 2 жылда осымен екінші рет қайталанып отыр.