Хуситтер Рияд әуежайына шабуыл жасады

Йемен хуситтері Рияд халықаралық әуежайына тағы да шабуылдады. Бұл туралы қозғалыстың ресми өкілі Яхья Сариа мәлімдеді. 

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сүйенсек, жексенбі күні Рияд тұрғындарына әуе қаупі туралы шұғыл ескерту жасалған. Кейін Сауд Арабиясының билігі ел астанасына қарай ұшырылған баллистикалық зымыранды қағып түсіргенін хабарлады. Зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ. Бұл шабуыл әуежай жұмысы ішінара жанданған соң жасалып отыр. Бұған дейін қарулы ұйымның әуе соққысынан кейін халықаралық әуежай екі аптадай уақыт бойы жабық тұрған. Ол кезде 13 адам қаза тауып, 300-ден астамы жараланған еді. 

Сондай-ақ оқыңыз: