Мұнай бағасы 108 долларға жетті
Таяу Шығыстағы шиеленістен Бренттің баррелі 108 долларға дейін қымбаттады. Ал америкалық WTI мұнайының бағасы 103 долларға жетті. Бұған аймақтағы маңызды теңіз жолдарының қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық себеп.
«Reuters» агенттігінің мәліметіне сәйкес, апта басынан қара алтын бағасы 13 пайызға өскен. Бұл – шілденің ортасынан бергі ең жоғары өсім. Сарапшылар: «Бұғаздағы ахуалдан шикізатты тасымалдауда қиындықтар жалғасса, қара алтын одан әрі қымбаттайды» деп болжап отыр.