Әлемдік мұнай тасымалы 4%-ға қысқаруы мүмкін
Иә, Сауд Арабиясы Қызыл теңіздегі «Шығыс-Батыс» мұнай құбырын жақын арада жедел қайта іске қоспаса, экспортқа арналған «қара алтын» қорын тауысып алуы мүмкін. Бұл әлемдік мұнай нарығындағы тасымалды 4 пайызға қысқартуға әкеледі. Саудиялық «қара алтынды» сатып алушылар мен трейдерлерге сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігі осылай деп хабарлады.
Дрон шабуылына ұшыраған құбыр арқылы Янбу айлағына 4 миллионға жуық баррель күн сайын жеткізіліп тұрған еді. Енді Янбудағы мұнай қоры шамамен 7 күнге жетуі ықтимал. Ал мұнай құбырын толық жөндеу жұмысы 5 аптаға созылмақ. Жалпы ақпанда күніне 10,9 миллион баррель өндіріп тұрған Сауд Арабиясы тамызда бұл көрсеткішті 6,2 миллион баррельге азайтты.