Әлемдік нарықта мұнай қымбаттай түсті
Бүгін әлемдік нарықта мұнай тағы қымбаттады. Brent маркалы қара алтын 2,4 пайыз көтеріліп, әр баррелі 117 долларға сатылды, деп хабарлайды 24KZ.
Америкалық WTI фьючерсінің құны 1,9 пайыз өсіп, бір баррелі шамамен 104 долларға саудаланды. Бұл Ирандағы соғысқа дейінгі бағадан 60 пайызға қымбат. Қазір мұнай өндіру емес, жеткізу қиын. Әл-Жазираның дерегі бойынша тасымал шығыны шарықтап тұр. Ақысы әр барреліне 40 долларға дейін өсті. Ұлыбритания теңіз қызметінің мәліметіне қарағанда осы айда Ормузда 30-дан аса танкерге шабуыл жасалды. Қазір бағаны реттеуге стратегиялық жаһандық қор сеп болып тұр. Алайда сарапшылар бұл ұзаққа жетпеуі мүмкін деп алаңдайды.