Жапония АЭС реакторын шұғыл тоқтатты
Жапонияда Михама атом электр станциясының үшінші реакторы шұғыл тоқтатылды.
Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, Фукуи префектурасындағы АЭС құбырынан су тамшылаған болуы мүмкін. Осы себепті мамандар жедел әрекет етіп, энергоблокты тоқтатқан. Жүргізілген талдау су құрамында радиоактивті заттардың жоқ екенін көрсетті. Сондай-ақ станция аумағында, оның маңайында да радиация байқалмаған. Реактор енді қашан қайта іске қосылатыны әзірге белгісіз. Бұл АЭС бұдан бұрын 2011 жылы Фукусима апатынан кейін тоқтатылған еді. Кейін тек 10 жыл өткен соң 2021 жылы қайта іске қосылған.