Сингапур аспанын түтін басты
Бұған көршілес Индонезиядағы орман өрттері себеп. IQAir қызметі елде ауа сапасының көрсеткіші 190-ға дейін жеткенін, ал кей аудандарда, тіпті, 200-ден асып кеткенін тіркеді.
Бұл қауіпті деңгей саналады. Жалпы Индонезиядағы өрттен Сингапур мен Малайзияның қою түтінге орануы қалыпты жағдайға айналған. Биыл іргелес ел кейінгі 11 жылдағы ең ауқымды орман өртінен зардап шегіп отыр.