Қытайда тоқыма фабрикасындағы өрттен сегіз адам қаза тапты
Қытайдың оңтүстігіндегі тоқыма фабрикасында болған өрттен кемінде сегіз адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алды, деп хабарлайды 24KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Өрт 20 қыркүйек күні күндіз Гуандун провинциясының Фошань қаласындағы Шуньдэ ауданында орналасқан тоқыма кәсіпорнының аумағында болған.
Провинция билігінің мәліметінше, оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Өрттің шығу себебі, кәсіпорынның атауы және зардап шеккен адамның қазіргі жағдайы әзірге хабарланған жоқ.