Трамп жасанды интеллектінің атауын өзгертуді ұсынды

фото: vedomosti.ru

АҚШ президенті Дональд Трамп бұдан былай АҚШ-тың ресми құжаттарында «жасанды интеллект» орнына «суперинтеллект» терминін қолдануды ұсынды, деп хабарлайды 24KZ.

Трамп бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, «жасанды» деген сөз технологияның шынайылығына күмән келтіретіндей әсер қалдырады. Сондықтан «суперинтеллект» атауы дәлірек болады деп есептейді.

АҚШ президенті жаңа терминнің басқа елдерде де қолданылғанын қалайтынын айтты. Ол сондай-ақ жасанды интеллектіні дамытуға шектеу қоюға қарсы екенін жеткізді.

Трамптың ұсынысы әзірге АҚШ-тың ресми құжаттарындағы терминологияға қатысты. Ал әлемде технологияның жалпыға ортақ атауы әзірге өзгерген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз: