Ресейде аю шабуылынан 39 жастағы ер адам қаза тапты
Ресейдің Краснояр өлкесінде аю шабуылынан ағаш дайындау саласында жұмыс істеген 39 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды 24KZ.
Оқиға 23 қыркүйекке қараған түні Енисей муниципалдық округінде болған.
Ресей Тергеу комитетінің Краснояр өлкесі мен Хакасия Республикасындағы бас тергеу басқармасының мәліметінше, ер адам аюдың шабуылынан оқиға орнында көз жұмған.
Алдын ала ақпарат бойынша, марқұм ағаш дайындау саласында жұмыс істеген. Ол Потапово ауылы маңындағы Епишин учаскелік орманшылығында техниканы күзетіп жүрген.
Қазір мамандар оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.